Мұрағат

"ӨЗ ІСІМ" сайыстың ақтығы

2016 жылдың 8 сәуірінде, «Мирас» университетінің Бизнес Инкубаторы, «ASPAN» компаниясымен «Өз ісім» байқауын ұйымдастырды. Кештің қонақтары болып: Ахметшиев Арман Абубакирович ХБ кафедрасының ғылыми қызметкері, мал шаруашылығы технологиясы департаментінен Ажибеков Бакытжан Аманханович, М.Сапарбаев ОҚГИ-ның аға оқытушысы Коваленко И.В. және "Панорама" мегаполисының дизайнері Бекзат Тасыбаев қатысты.

VIII Халықаралық ғылыми конференциясы

«Мирас» университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын II және III курс студенттері Мамышева Ақбол (II курс, КЛ-411К-1 тобы), Айдарәлі Балдана (II курс, КЛ-411К-1 тобы),  Әбдәкім Балжан (3 курс КЛ-311К-1 тобы) және Нақыпбекова Аида (II курс, КЛ-411К-1 тобы) сәуірдің 6-ы мен 10-ы аралығында өткен Алматы қаласы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті, педагогика факультетінің базасында ұйымдастырылған халықаралық конфренециясында өз  ғылыми жұмыстарын баяндап, қатысып қайтты. Бұл конфреенцияда «Мирас» университетінің студенттері жұмыстарының негізінде баяндамаларын жасап, жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде, Нақыпбекова Аида, Мамышева Ақбол, Айдарәлі Балдана II –ші орындарды иеленіп, дипломмен оралды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік"

Өңіріміздегі белді жоғары оқу орыны болып саналатын «Мирас» университеті студент жастарының интелектуалдық қабылетін арттыруға ерекше назар аударады. Осы мақсатта, «Мирас» университетінің ұйымдастыруымен және Облыстық Жастар орталығының жанынан құралған "Пікірсайысшылар"мектебінің колдауымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты ректор кубогыне арналған қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Оған қаламыздың ОҚМУ" құрамасы, "ОҚМПИ"құрамасы," ОҚМФА"құрамасы, "ҚИПХДУ"құрамасы, "АӘИУ" құрамасы және "Мирас" "Қызылорда" құрамалары қатысып, ой тартыстырды.

Қазақстанда алғашқы рет қыз балалар әскери мамандығын алатын болды

Қыз балалар ұландармен қатар саптық және әскери дайындық жасап, жарғы, әскери типография және басқа да әскери ғылымдар сабақтары бойынша білім алатын болды. Студент-қыздарға арналған барлық азаматтық жоғарғы оқу орындарында ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен осы оқу жылында әскери кафедраларда мамандықтар ашылғандығын қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметіне сілтемесімен Zakon.kz хабарлайды.

Әскери кафедраға түсі үшін, қыз балаларға медициналық қараудан өтіп, физикалық даярлығынан нормативтер мен психологиялық сынақтар тапсыруы тиіс. Осы көрсеткіштердің барлығы комиссия отырысында қаралатын болады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Сіздерді Шымкент қаласында, 2016 жылғы 19-20 сәуір аралығында өтетін «Әлеуметтік-экономикалық транзит дәуірі: XXI-ғасырдағы Қазақстан ғылымы және оны болашаққа интеграциялау» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Өткізілетін конференция ғылыми қызметкерлердің, магистранттардың, докторанттардың, ізденушілердің, оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметін белсенді етуге, олардың ғылыми ой-өрісін және әртүрлі ғылыми бағыттардың арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге, пәнаралық зерттеу жұмысын ұйымдастыруға, көкейтесті ақпаратпен алмасуға, жас ғалымдар мен мамандар кеңестерін үйлестіруге және олардың іс-қимылын ұйымдастыруға, инновациялық әлеуетті анықтауға бағытталған.

Дебаты 2016

Мирас Университетінің студенттері Кабулова Саёра жане Мақұлбек Таңшолпан Аймақтық әлеуметтік инновациялык университеті Академиялық инновациялык институтының вице президент кубогіне арналған "Көкжалдар" атты қалалық пікірсайыс турнирине қатысып жүлделі II орынға ие болды.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...