Мұрағат

Island Moving Company

Алматыдағы АҚШ Бас Консулдығы Шымкент қаласында өзінің мәдениет саласындағы кезекті жобасын өткізді. АҚШ пен Алматыдан келген би ұжымы 6 мамыр жұма күні сағат 19.00 «Түркістан» сарайының сахнасында заманауи балет өнерініңтегін концертін өткізді. Көрсетілімнің ерекшелігі Island Moving Company болды – бұл бірлескен шығармашылық жұмыс жолымен жаңа би нөмірлерін әзірлеуші АҚШ, Род-Айленд штаты, Ньюпорт қаласынан келген заманауи би өнерінің балет труппасы. Креативті  директор Мики Ольсеннің басшылығымен 34 жыл бойы жұмыс барысында труппа процеске әлемнің әр түрлі елдерінен хореографтарды, музыканттарды, ақындарды және суретшілерді тарта отырып, әлемге би өнерін паш етті. Island Moving Co. өнер көрсету үшін әдеттегіден тыс алаңдарды пайдалануға өзінің ойлап тапқыш тәсілімен танымал. Компания сондай-ақ жыл сайын өзінің жобаларына 5000 астам балаларды тарта отырып, Род Айленд және Массачусетстің мектеп оқушыларымен белсенді түрде өзара әрекет жасайды. Island Moving Company көркем шеберлігі үшін Arts & Business Council’s Jabez Gorham Award сыйлығының лауреаттары болып табылады.

Не? Қайда? Қашан?

«Мирас» университетінің бірінші курс студенттері арасында зияткерлік ойындар өткізу жақсы дәстүрге айналды.

«Не? Қайда? Қашан?» — зияткерлік телевизиялық ойын, мұнда «білгірлер» деп аталатын команда алты ойыншыдан құралады,  телекөрермендер қойған кез келген сұраққа бір минут ішінде ой-талқы көмегімен дұрыс жауап іздейді. Дұрыс жауап үшін «білгірлер» командасы ұпай алады, ал егер олар қате жауап берсе, ұпай олардың қарсыластары телекөрермендер командасына беріледі. Бірінші болып алты ұпай жинаған топ жеңеді. Нақ осындай форматта 27 сәуірде университет өзінің студенттері үшін «Не? Қайда? Қашан?» ойынын ұйымдастырды. Ойынға үш құрама команда қатысты: «Фитлайф», «Профи» және «Мирас» командасы. Ойын сценарийі бірнеше турдан құралды, бірінші турда командалар интерактивті тақтадан «спорт», «музыка», «барлығы туралы қысқаша» санаттары бойынша 10-нан 50-ге дейін баллдармен белгіленген сұрақтарды таңдауға тиіс болды. Екінші тур студенттердің ой-өрістерінің болуына арналған сұрақтардан құралды, мұнда командалар карта бойынша жұмыс жасаулары тиіс, елдер мен олардың астаналарын картадан тауып отырды. Үшінші турда Еуропаның архитектуралық ғимараттарына дейін әр түрлі пазлдарды жинау тапсырмасы берілді. Ойын студенттерді толықтай қамтыды, аудиторияда бәсекелестік рухы және жеңуге деген құлшыныс орнады. Бірақ зияткерлік ойында болатындай, ақыл және достық жеңді, бірінші орынды «Мирас» құрама командасы жеңіп алды. Студенттер күнді жақсы көңіл-күймен өткізді, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді және осы қыста өткізілетін келесі зияткерлік ойынға деген көңіл-күймен күнді қорытындылады.

Фитнес Клубы

Фитнес – бұл дене жаттығуларының белгілі түрлері ғана емес, сондай-ақ адамның қозғауыш белсенділігінің тетіктерін танытып, қалыптастыруы және оның ағзаға әсер етуімен айналысатын тұтас ғылым. Фитнестің базасы физикадан, химиядан, анатомиядан, физиологиядан, психологиядан және көптеген басқа да саладан алған білім болып табылады. Олардың барлығы жаттығулардың нәтижесінде күштің, төзімділіктің және иілгіштіктің көрсеткіштерін жақсарта отырып, фитнестің тиімділігін жоғарылатуға арналған.

Фитнестің негізгі нәтижесі – анаболизмді белсендіру, яғни ағзаның тіндерін қалыптастыратын, пластикалық заттарды және өмір сүру тіршілігін қамтамасыз ету үшін энергетикалық заттарды жинақтау.

Фитнестің арқасында осы үдерісті толық құнды жүзеге асыру адамның ағзасы толық физикалық және психикалық саулықты қамтамасыз ететіндей қызмет атқаратын кезде денсаулықты жақсартуға алып келеді.

Волейбол

Волейбол - ең танымал және қолжетімді спорт түрлерінің бірі. Волейбол ойыны шыныққан дене мен арнайы киімді талап етпейді. Доп, қолайлы алаң және ойынға талпынысы бар адамдар- ойынның сәтті өтуіне әбден жеткілікті. «ASPAN profile technology» және «Beeline» компанисының қолауыменен «Мирас» университетінде 29 сәуір 2016 жылы Шымкент студенттер мен оқушылар арасында волейболдан жолдастық матч өтті. Қатысушылардың түрлі контингентіне қарамастан, ойын қызықты, қарапайым, топтасқан командалар арқасында ерекше болып десек қателеспейміз. «ASPAN profile technology», «Beeline» серіктестеріміз және «Мирас» университеті кәдесый өнімдерімен женімпаздарға сыйлады.

«IUSAR Games 2016» Кипр

IUSAR Games 2016 өткізуге байланысты Кипр аралында «Мирас» университетінің алты студентінің шаршататын, ерекше қызықтыратын, оқиғаларға толы саяхаты 2016 жылдың 20 сәуірінде басталды. Бұл сапар біздің студенттеріміздің барлық үмітін ақтап шықты деп сенімділікпен айтуға болады.

Бірінші күннен-ақ студенттер ерекше әсерлендіретін, өзіне қарай арбайтын және сол уақытта дүрліктіретін теңізбен, табиғатпен көршілес жатқан жайлы апартаменттерге таң қалған болатын.

Студенттердің аралда болуы негізінде қарама-қарсылықтар да тұрғызылған болатын. Бәрі қырда болды, алтын ортасы туралы әңгіме де болған жоқ. Мұнда, бәлкім, өзіңнің эмоцияларың мен сезімдеріңді жасырмаған сәттегі түрік ділі сезіледі. Олар керісінше өте мол. Бұл, әрине, шын көңілден шығады. Әр жеке адамдағы кейбір балалық шағының  сақталып қалғандығы байқалып жатты, бұл қатысушыларды өзіне балалық шақтағы бейқамдығын қайта сезінуге мәжбүр етті.

Дизайн апталығы 2016

«Мрас» университетінде жыл сайынғы «Дизайн апталығы 2016» шығармашылығында үйлер макеттері, керемет көйлектер, қызықты фотокөрмелер ұсынылды.

«Мирас» университеті төртінші жыл қатарынан шығармашылық аптасын өткізеді, әр түрлі курс студенттерінің үйренгендерін көрсету дәстүрге айналды. Болашақ дизайнерлердің жақсы кәсіби дайындығы туралы университет фойесінде орналасқан «Дизайн және кәсіптік білім беру» кафедрасының студенттерінің жұмыстары айғақтайды. Студенттер А. Құралбай, А. Долыбаева, Н. Лес аса ерекшеленді. «Көлемді көбелектер» жобасын жасауда қиялдарына ерік берген студенттер А. Ерхан, А. Нұрмұрат.  Боди-арт және бижутерия түрінде ғажайып идеялар көрсеткен студенттер де  олардан қалыс қалмайды. Фотоөнер жұмысын таныстыру рәсімін осы жоғары оқу орнының түлектері А. Тохчуков және Ю.Басистова жүргізді.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...