IUSAR Games 2016 өткізуге байланысты Кипр аралында «Мирас» университетінің алты студентінің шаршататын, ерекше қызықтыратын, оқиғаларға толы саяхаты 2016 жылдың 20 сәуірінде басталды. Бұл сапар біздің студенттеріміздің барлық үмітін ақтап шықты деп сенімділікпен айтуға болады.
Бірінші күннен-ақ студенттер ерекше әсерлендіретін, өзіне қарай арбайтын және сол уақытта дүрліктіретін теңізбен, табиғатпен көршілес жатқан жайлы апартаменттерге таң қалған болатын.
Студенттердің аралда болуы негізінде қарама-қарсылықтар да тұрғызылған болатын. Бәрі қырда болды, алтын ортасы туралы әңгіме де болған жоқ. Мұнда, бәлкім, өзіңнің эмоцияларың мен сезімдеріңді жасырмаған сәттегі түрік ділі сезіледі. Олар керісінше өте мол. Бұл, әрине, шын көңілден шығады. Әр жеке адамдағы кейбір балалық шағының сақталып қалғандығы байқалып жатты, бұл қатысушыларды өзіне балалық шақтағы бейқамдығын қайта сезінуге мәжбүр етті.
Неге бәрі қырда болды? Себебі студенттер өзін де, өзінің күшін де аямай, жаттығулар кезінде толығымен жұмсады, жаттығушылардан алынатын бүкіл ақпаратты ең болмашы егжей-тегжейіне дейін сіңіруге және оны мүмкіндігінше ұзақ мерзімге дейін есте сақтап қалуға тырысты, себебі бұл шынымен де маңызды еді.
IUSAR Games 2016-да болғанның барлығы – өте зор және аса маңызды өмір мектебі. Қатысушылар адамдарды құтқаруға, күйзеліске қарсы бірқалыпты болуға, жаңа дағдыларды қабылдауға және бұрын сезінбеген өзінің бойында бар нәрсені де ашуға үйренген. Бұл өзінің нағыз шамасын білу үшін жақсы мүмкіндік.
Осы ойындарда өткізілген он күн бүкіл әлемнен жиналған студенттерді - адамды үйінділердің астынан құтқаруға, апатқа кезіккен және жарқабақтан құлап қалған адамға қалай көмек көрсетуге үйретті. Студенттер карталарды зерделеуде, біз сізбен әдеттеніп қалған әртүрлі гаджеттерсіз, карта мен компасты пайдалана отырып, жергілікті жермен бағдарлануда тәжірибе жинады. Осының барлығы сіз үшін жай ғана дыбыс болуы мүмкін, егер сіз сонда болған студенттердің ішінде болмасаңыз.
Басқа мұқтаждық – демалыс. Демалуды білмейтін адамдар жұмыс та жасай алмайды. Соншалықты шаршататын күннен кейін қатысушыларда теңіздегі күннің батысына сүйсінудің немесе Жерорта теңізінде жүзудің тамаша мүмкіндігі болды. Кешке қарай біздің студенттер физикалық, сондай-ақ моральдық тұрғыдан шаршағанына қарамастан, олар сонымен қатар ойындарға қатысқан Қырғызстан, Ресей, Польша, Пәкістан, Непал, Индонезия, Сомали, Түркия сияқты елдердің студенттерімен араласуға екінші тынысы ашылды. Қатысушылар құлағанша би биледі, өз елінің мәдениетімен бөлісті, ән шырқады, түрлі ойындар ойнады. Достар мен жақсы таныстарды тапты.
«Біз ғажайып өмірді бастан өткердік. Бізге берілген мүмкіндікпен шағын ғана өмірді бастан кешірдік. Біздің барлығымыз да осы шағын ғана өмір біткен жоқ деп қатты сенеміз. Біз тәжірибемізді арттырдық және осы тәжірибемізді басқаларға бергіміз келеді. Осылайша біз осының барлығы құр болмағанын білетін боламыз. Және мүмкін бір кезде өзіміздің жаңадан тапқан достарымызбен қайта кездесетін шығармыз» деп айтты IUSAR Games 2016 қатысушысы Виктория Назметдинова (ИН-511р-1 тобы).
«Мирас» университеті жыл сайын Кипрге арналған сапарды демеп отырады, егер Сіз осындай оқиғаларға дайын болсаңыз, онда жаңалықтарды қадағалап жүріңіз. Мүмкін, сіз нақты осы керемет және өмірді өзгертетін ойынның келесі қатысушысы болатын шығарсыз.