Алматыдағы АҚШ Бас Консулдығы Шымкент қаласында өзінің мәдениет саласындағы кезекті жобасын өткізді. АҚШ пен Алматыдан келген би ұжымы 6 мамыр жұма күні сағат 19.00 «Түркістан» сарайының сахнасында заманауи балет өнерініңтегін концертін өткізді. Көрсетілімнің ерекшелігі Island Moving Company болды – бұл бірлескен шығармашылық жұмыс жолымен жаңа би нөмірлерін әзірлеуші АҚШ, Род-Айленд штаты, Ньюпорт қаласынан келген заманауи би өнерінің балет труппасы. Креативті директор Мики Ольсеннің басшылығымен 34 жыл бойы жұмыс барысында труппа процеске әлемнің әр түрлі елдерінен хореографтарды, музыканттарды, ақындарды және суретшілерді тарта отырып, әлемге би өнерін паш етті. Island Moving Co. өнер көрсету үшін әдеттегіден тыс алаңдарды пайдалануға өзінің ойлап тапқыш тәсілімен танымал. Компания сондай-ақ жыл сайын өзінің жобаларына 5000 астам балаларды тарта отырып, Род Айленд және Массачусетстің мектеп оқушыларымен белсенді түрде өзара әрекет жасайды. Island Moving Company көркем шеберлігі үшін Arts & Business Council’s Jabez Gorham Award сыйлығының лауреаттары болып табылады.
Біздің отандастар да шеберлігімен ерекшеленді. Samruk - Қазақстандағы осы заманғы би өнері саласындағы жұмыс істейтін және маманданушы алғашқы және бүгінгі таңдағы жалғыз кәсіби ұжым болып табылады. Труппаның репертуары толық метражды қойылымдарды, сол сияқты бір актілі балеттерді, сондай-ақ хореографиялық миниатюраның әр түрлі нысандарын қамтиды, олардың тақырыбы - өмір мен өлім, махаббат пен өшпенділік, адамның әлеммен қарым-қатынасы, адам рухының екі ұдайылығы, ақиқатты іздеу— қорыта айтқанда, әрдайым шығармашылық ақылды толқындыратынның, және бәрінен дәлірек қозғалыс пен пластика арқылы көрсетудіңбарлығы. 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Адамова Гүлнараның көркемдік жетекшілігімен құрылған сәттен бастап ұжым көптеген халықаралық фестивальдерге қатысты және қазақстандық, сондай-ақ шетелдік хореографтармен бірге қызмет атқарды.
Концерт тамаша өтті. «Мирас» университетінің қызметкерлері мен студенттері көріністерді тек рахаттана көрген жоқ, сондай-ақ балет труппасымен бірге уақытты керемет өткізді. Біздің Шымкенттіктер келешекте тағы да қандай қонақтарды күтеді екен? Жақын арада білеміз!