Фитнес – бұл дене жаттығуларының белгілі түрлері ғана емес, сондай-ақ адамның қозғауыш белсенділігінің тетіктерін танытып, қалыптастыруы және оның ағзаға әсер етуімен айналысатын тұтас ғылым. Фитнестің базасы физикадан, химиядан, анатомиядан, физиологиядан, психологиядан және көптеген басқа да саладан алған білім болып табылады. Олардың барлығы жаттығулардың нәтижесінде күштің, төзімділіктің және иілгіштіктің көрсеткіштерін жақсарта отырып, фитнестің тиімділігін жоғарылатуға арналған.
Фитнестің негізгі нәтижесі – анаболизмді белсендіру, яғни ағзаның тіндерін қалыптастыратын, пластикалық заттарды және өмір сүру тіршілігін қамтамасыз ету үшін энергетикалық заттарды жинақтау.
Фитнестің арқасында осы үдерісті толық құнды жүзеге асыру адамның ағзасы толық физикалық және психикалық саулықты қамтамасыз ететіндей қызмет атқаратын кезде денсаулықты жақсартуға алып келеді.
Біздің университетіміздегі фитнес клубқа сіз аптасына 3 рет келіп жаттыға аласыз. Зал жарықпен, үлкен айналармен және жылы еденмен жабдықталған. Бізде тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді, олар сізге оқу мен спортты біруақытта теңдестіруге көмектеседі. Келіңіз де, энергия күшін мүлдем тегін алыңыз.
Фитнес клубтың кестесі:
Дүйсенбі: 17:00
Сәрсенбі: 17:00
Жұма: 17:00