«Мирас» университетінің бірінші курс студенттері арасында зияткерлік ойындар өткізу жақсы дәстүрге айналды.
«Не? Қайда? Қашан?» — зияткерлік телевизиялық ойын, мұнда «білгірлер» деп аталатын команда алты ойыншыдан құралады, телекөрермендер қойған кез келген сұраққа бір минут ішінде ой-талқы көмегімен дұрыс жауап іздейді. Дұрыс жауап үшін «білгірлер» командасы ұпай алады, ал егер олар қате жауап берсе, ұпай олардың қарсыластары телекөрермендер командасына беріледі. Бірінші болып алты ұпай жинаған топ жеңеді. Нақ осындай форматта 27 сәуірде университет өзінің студенттері үшін «Не? Қайда? Қашан?» ойынын ұйымдастырды. Ойынға үш құрама команда қатысты: «Фитлайф», «Профи» және «Мирас» командасы. Ойын сценарийі бірнеше турдан құралды, бірінші турда командалар интерактивті тақтадан «спорт», «музыка», «барлығы туралы қысқаша» санаттары бойынша 10-нан 50-ге дейін баллдармен белгіленген сұрақтарды таңдауға тиіс болды. Екінші тур студенттердің ой-өрістерінің болуына арналған сұрақтардан құралды, мұнда командалар карта бойынша жұмыс жасаулары тиіс, елдер мен олардың астаналарын картадан тауып отырды. Үшінші турда Еуропаның архитектуралық ғимараттарына дейін әр түрлі пазлдарды жинау тапсырмасы берілді. Ойын студенттерді толықтай қамтыды, аудиторияда бәсекелестік рухы және жеңуге деген құлшыныс орнады. Бірақ зияткерлік ойында болатындай, ақыл және достық жеңді, бірінші орынды «Мирас» құрама командасы жеңіп алды. Студенттер күнді жақсы көңіл-күймен өткізді, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді және осы қыста өткізілетін келесі зияткерлік ойынға деген көңіл-күймен күнді қорытындылады.