«Мрас» университетінде жыл сайынғы «Дизайн апталығы 2016» шығармашылығында үйлер макеттері, керемет көйлектер, қызықты фотокөрмелер ұсынылды.
«Мирас» университеті төртінші жыл қатарынан шығармашылық аптасын өткізеді, әр түрлі курс студенттерінің үйренгендерін көрсету дәстүрге айналды. Болашақ дизайнерлердің жақсы кәсіби дайындығы туралы университет фойесінде орналасқан «Дизайн және кәсіптік білім беру» кафедрасының студенттерінің жұмыстары айғақтайды. Студенттер А. Құралбай, А. Долыбаева, Н. Лес аса ерекшеленді. «Көлемді көбелектер» жобасын жасауда қиялдарына ерік берген студенттер А. Ерхан, А. Нұрмұрат. Боди-арт және бижутерия түрінде ғажайып идеялар көрсеткен студенттер де олардан қалыс қалмайды. Фотоөнер жұмысын таныстыру рәсімін осы жоғары оқу орнының түлектері А. Тохчуков және Ю.Басистова жүргізді.
Осы жылы «Дизайн» апталығында Ресей, Беларус, Өзбекстан жоғары оқу орнының студенттері де өз жобаларын көрсете алды.
«Біз осыншама көп студенттер қатысады деп ойламадық» дейді Дизайн және кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі, Суретшілер Одағының мүшесі Ю. Нұртаев. Біздің университеттің ұстанымы – студенттерге сабақтармен қатар, осындай фестивальдер мен конкурстарда үйренуге мүмкіндік беру. Пайдалы бәсекелестік болашақ мамандарға шығармашылыққа ынталандырады.
Кафедра оқытушысы Н.Сорокинаның сөзі бойынша, жобаларды жасауға бірнеше ай уақыт жұмсалған. Барлық ұсынылған жұмыстар есте қаларлықтай болды.