Көптілділік еліміздегі маңызды мәселелердің бірі болды. Конференция бағдарламасында: дөңгелек үстел, мастер-класстар, семинарлар, тұсаукесерлер және т.б. лар ұйымдастырылды. Спикерлердің келуі конференцияны сәндей түсті: Колорадо университетінің профессоры Марк Дорр, АКШ Людмила Смирнова және Алматы қаласындағы Қазақ- Британ техникалық университетінің профессоры Сауле Абдыгаппарова, Астана қаласының "Назарбаев зияткерлік мектебі" білім өлшеу ДББҰ орталығының басшысы Білімгүл Бекешова, және Шымкент қаласының білім бөлімінің бастығының орынбасары Нұрмұхаммед Қосыбаев.
Мәңгілік Ел 2050
«Мәңгілік Ел» идеясының патриоттық акт жобасындағы түрлерін құру 85 және 89 міндетті яғни, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша», қадамға арналған. Мәңгілік Ел идеясын президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында кеңейтілген нұсқада айтып өтті. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылдың желтоқсанында құрылды.
Акция "Табиғат - тіршілік аясы"
28.03 2017 Абай паркінде "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясы өтті.
Акция ұйымдастырушылары Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің қызметкерлері болды. Қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама және түрлі дәмділер дайындалды. Қызыл кітапқа енген және парк аумағында өмір сүретін жануарлармен жәндіктердің көрмесі өтті.
Сонымен қатар парк қызметкерлері акция қатысушыларымен бірге ағаштар отырғызды.
Қамқор болыңыздар, табиғатты бірге құтқарайық.
Университет Наурызды қарсы алды!
Наурыз мейрамының қарсаңында студенттермен мұғалімдердің ұйымдастыруыменен университетте көктемнің алғашқы мейрамын қарсы алу өтті!
Барлығы жақсы өтті деп айту аз. Барлығы "ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ, ҚЫЗЫҚТЫ, КӨҢІЛДІ" өтті
Мирас Аруы
3 айға жуық уақыт бойы Instagram әлеуметтік желісінде @mirasuniversity парақшасында «Мирас аруы» онлайн-сұлулық байқауы өтіп, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз ару бас жүлде – 200 000 теңгеге ие болды!
Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау мерзімі анықталды
«Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы (бұдан әрі — Заң жобасы) бүкілхалықтық талқылауға шығарылсын, ол 2017 жылғы 26 қаңтар — 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілсін. Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын», — делінген хабарламада.
Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында айтылған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қорытуды, осы ұсыныстарды ескере отырып, Заң жобасын пысықтауды және оны Қазақстан президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.