«Мирас» колледжі» мекемесінде Алғыс айту күні қарсаңында білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, мазмұнды тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілді. Топ сағаты барысында бағдарламаның негізгі құндылықтары кеңінен насихатталып, білім алушыларға адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық сынды қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар мәдениет пен білімнің, ғылым мен инновацияның қоғам дамуындағы басымдығы ерекше атап өтілді.


