26.02 күні Мирас колледжі мекемесінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа формация маманы» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты – жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда бәсекеге қабілетті, цифрлық құзыреттілігі жоғары, сыни ойлай алатын және кәсіби тұрғыда икемді маман моделін айқындау болды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне енгізу, еңбек нарығындағы жаңа талаптар, болашақ маманның soft skills және digital skills дағдылары, сондай-ақ кәсіби даярлаудағы заманауи әдіс-тәсілдер туралы мазмұнды баяндамалар жасады.
Қатысқан барлық спикерлер мен қонақтарға алғыс білдіреміз!
Білім мен технология тоғысқан заманда сапалы маман даярлау – ортақ міндетіміз.



