Көрісу күні

Мирас колледжі мекемесінде Наурызнама онкүндігі аясында алғашқы мереке — Көрісу күні аталып өтті. Ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында колледж студенттері мен ұстаздары «Көрісу» челленджін ұйымдастырып, бір-біріне ақжарма тілектерін білдіріп, амандасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетті.

 

Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі ниет пен сыйластықты арттыратын ерекше дәстүр. Челлендж арқылы жастар халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.