Бақытқа бастайтын бағалы сәт

Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні қарсаңында «Мирас» колледжі ТМ-251.2г тобының студенттері «Бақытқа бастайтын бағалы сәт» тақырыбында тәрбиелік мәні бар көрініс қойды. Көрініс барысында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің маңызы насихатталып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.