Адал адам – адал азамат

Мирас колледжінде «Адал адам – адал азамат», «Заң және тәртіп» тақырыптары аясында тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Тұран ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Болатбек Қуанышбекұлы Тастемир, Жастар ресурстық орталығының оқу орындарымен жұмыс жүргізу бөлімінің инспекторы Әсел Жаңабайқызы Төребек, сондай-ақ Тұран АПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Бекдаулет Бахтибаевич Мендибаев қатысты.

 

Кездесу барысында студенттерге заңды құрметтеу, қоғамдағы тәртіпті сақтау, адалдық пен жауапкершіліктің маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамға адал қызмет етудің мәні жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға үлкен ықпал етеді.