2026 жылдың 15 ақпан күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды әрі тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» психологы Бекмуратова Қ.У. және әлеуметтік қызметкер Отегенова А.Ш. қатысып, студенттермен ашық форматта семинар өткізді. Кездесу барысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, психологиялық саулықты сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу және дұрыс өмірлік таңдау жасау мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Осындай кездесулер жастардың денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.


