2026 жылдың 15 сәуір күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» терапевт дәрігері Ералиева Дина Калановна қатысып, студенттерге тақырып аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Конго–Қырым геморрагиялық қызбасының таралу жолдары, негізгі белгілері және оның алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, табиғатта қауіпсіздік ережелерін ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі айтылды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерден пайдалы ақпараттар алды. Осындай кездесулер жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.



