«Салауатты колледж» жобасы аясында студенттер үшін тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Жастар ЖИТС-тің алдын алу орталығының педагог маманы Ибайдуллаева Д.А. жетекшілігімен «Сенім» орталығына экскурсия жасап, маңызды ақпараттармен танысты. Экскурсия барысында студенттерге денсаулықты сақтау және нығайту, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, түрлі аурулардың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың салауатты өмір салтын ұстануына бағыт беру, жауапкершілікті арттыру және өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыру.


