Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына сәйкес, «Мирас» колледжі мекемесінде студенттерді қамтитын ерте кәсіптік бағдар беру іс-шаралар жоспары аясында «Мемлекеттік қызметтегі мансап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы, оның негізгі қағидаттары, кәсіби өсу мүмкіндіктері мен болашағы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші болудың жауапкершілігі, адалдық пен кәсібилік қағидаттарының маңыздылығы туралы мазмұнды пікір алмасу жүргізілді.
Дөңгелек үстел студенттердің мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, олардың саналы түрде мамандық таңдауына оң ықпал етті.



