Халыққа қызмет ету – басты міндет

Шымкент қаласындағы «Мирас» колледжінде маңызды іс-шара өтті! Колледж студенттері арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын және ерте кәсіптік бағдарлауды ілгерілету мақсатында «Халыққа қызмет ету – басты міндет» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «10216 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде 29 жыл 7 ай 19 күн қызмет етіп, зейнетке шыққан Бексейтов Едил Жандосович арнайы қатысып, студенттермен мазмұнды кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында ол кәсіби жауапкершілік пен адамгершіліктің маңыздылығына ерекше тоқталып, жастарды өз ісін сүйіп, адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ қоғамға пайдалы болу, әрбір азаматқа жауапкершілікпен қарау – нағыз маманның басты қасиеттері екенін атап өтті.

Түсіндірме кезінде студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызметтің қыр-сырын талқылады.