02.06.2026 жылы «Мирас» колледжінде студенттерге арналған «Отан қорғау – абыройлы міндет, ер азаматтың қасиетті борышы» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге әскери сала мен ардагерлер қауымының өкілдері қатысып, жастарға әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік және әскери мамандықтың артықшылықтары туралы құнды ақпарат берді. Сонымен қатар, 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрі әсерлі музыкалық бағдарлама ұсынып, патриоттық рух сыйлады.
Осындай кездесулер жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.
Бүгінгі жас – ертеңгі ел қорғаны! Отанға қызмет ету – әр азаматтың абыройлы борышы.



