Суицид пен лудоманияның мәселелері

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы суицид пен лудоманияның алдын алу бойынша жастармен кездесу колледжінде өтті.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, өмірге деген оң көзқарасты нығайту және зиянды тәуелділіктердің алдын алу. Іс-шара барысында жоба координаторы Ильяс Роза Исламбекқызы сөз сөйлеп, жастарға қоғамдағы өзекті мәселелердің маңыздылығын түсіндірді.

 

Сонымен қатар психолог маманы Жусипова Ұлбосын Оразбековна — “Педагогика және психология” магистрі жастарға психологиялық қолдау, күйзелістің алдын алу, өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдары туралы арнайы лекция оқыды.

Суицид пен лудомания – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе жастар арасында оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет.

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, уақытты тиімді пайдалану және дұрыс орта таңдау – жарқын болашақтың кепілі.

Әрбір жас өз өмірінің құнды екенін түсініп, болашағына жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі елдің ертеңі – саналы ұрпақтың қолында.

Өмірді таңда!

Өзіңе сен!

Болашағыңа бейжай қарама!