Мирас колледжі – болашаққа бастар сенімді қадам

«Мирас» колледжінің өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына арнайы іссапармен барып, қала мектептерінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға колледж мамандықтары, білім беру мүмкіндіктері, студенттік өмір мен заманауи оқу үдерісі туралы толық ақпарат берілді. Болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, талапкерлердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары – жастардың болашағына бағыт-бағдар беріп, саналы таңдау жасауына көмектесудің маңызды қадамы. Бізді жылы қарсы алған Ақтау қаласының мектеп ұжымдарына алғысымызды білдіреміз! Болашақта «Мирас» колледжінің студенті атанатын талапкерлермен қайта қауышамыз деген сенімдеміз!