«WorldSkills Shymkent – 2026» өңірлік чемпионаты

Шымкент қаласында 2026 жылдың 8–12 маусымы аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында «WorldSkills Shymkent – 2026» өңірлік чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, түрлі құзыреттіліктер бойынша өз білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

 

Аталған іс-шара жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, дарынды жастарды анықтауға, еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлауға және халықаралық WorldSkills стандарттарын енгізуге бағытталды. Чемпионат барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, келесі деңгейдегі жарыстарға қатысуға жолдама алды.

«Мирас» колледж мекемесі 9 құзыреттілік бойынша 15 қатысушы қатысып, 10 жүлделі орынға ие болды:

➢ Шаштараз өнері:

  • Абдусаттарова Зухра Абдурахимқызы - I орын;
  • Абдулкерим Нұрсәуле Қуанышқызы - II орын;
  • Тургунбоева Сарвиноз Хаитматовна - III орын;

 

➢ Қонақ үй ресепшионисті:

  • Рахматуллаева Дилшода Махкамжановна - III орын;

 

➢ Бастауыш сыныптарда оқыту

  • Филипповская Анжелика Владимировна -I орын;
  • Орынбаева Балауса Қайратқызы - II орын;

 

➢ Web-технологиялар

  • Бахилин Артем Иванович - I орын;

 

➢ Мектепке дейінгі тәрбие беру

  • Бауржан Сымбат Мұхамеджанқызы - III орын;
  • Сабитқызы Жадыра - III орын;

 

➢ Графикалық дизайн

  • Зулпыхарова Хадиша Нургалиевна- III орын;

 

➢ Ақпараттық қауіпсіздік

  • Ержомарт Қымбат Мухтарқызы-медальон
  • Исабекова Карима Мейрамовна- медальон

 

Чемпион Жетекшілері:

Шалгинбаева Мадина Бахтияркизи, Әлімтай Балауса Шыңғысқызы, Нұрланқызы Нұрай, Шерхан Әсел Ерболқызы, Оразбек Асылзат Абубакиркызы, Нурсеитова Диана Булатқызы, Зинадин Айгерім Досмұханқызы, Медовщикова Евгения Юрьевна, Таштемирова Лейла Камалқызы, Сажуманов Бахтияр Абдувахабович, Ходжаева Диана Асқар Қизи

Колледж ұжымы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтап, оларға республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейді.