Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу

26.05.2025 күні Мирас колледжінде “Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге мерез ауруының алдын алу жолдары, АИТВ инфекциясынан сақтану, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Қатысушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, интерактивті ойындар мен пікірталастар өткізілді.

 

Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болу, уақытылы медициналық тексеруден өтіп тұру қажеттігі түсіндірілді. Іс-шараға 50 студент қатысып, пайдалы ақпараттармен қамтылды.