2025 жылдың 16 сәуір күні «Мирас» колледжі» мекемесі әскери-далалық оқу-жаттығу жиындарының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты:әскери-далалық оқу-жаттығу жиындарының салтанатты ашылуы, оқушыларды мемлекеттің қарулы күштерінде қызмет етуге дайындау, өскелең ұрпақтың бойында Отанды қорғаудың қасиетті парызы туралы жоғар сана ментерең түсінікті қалыптастыру.
Жаңалықтар
Студенттік және жастар жасақтарының арнайы ашылу салтанаты
2025 жылдың 10 сәуір күні “Мирас” колледжі” мекемесінің жастары мен жетекшілері Шымкент қаласының орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбектің қатысуымен Шымкент қаласының әкімдігі мен «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен өтетін студенттік және жастар жасақтарының арнайы ашылу салтанатына қатысты.
Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру
2025 жылдың 8 сәуір күні «Мирас» колледжі» мекемесінің студенттері мен оқытушылары «ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі» және де «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыбында өтілген оқыту-семинарға белсене қатысты. Семинардың мақсаты: алаяқтардың құрбаны болмау
Дескруктивті діни ағымдардың зияндылығын насихаттау
2025 жылдың 1 сәуір күні «Мирас» колледжі» мекемесінде Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ , «Қоғамдық келісім» КММ және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сімен бірлесе отырып, Қала аумағындағы жастары арасында «Этносаясатты түсіндіру» және «Дескруктивті діни ағымдардың зияндылығын насихаттау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сейсмикалық жаттығу жұмыстары
«Мирас» колледжі» мекемесінде 2025 жылдың 1 сәуір күні колледж ішінде сейсмикалық жаттығу жұмыстары жүргізілді. Студенттер мен оқытушыларды эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, "дабыл қаптарын" дайындауы мақсатында жүргізілді. Жер сілкінісі және де қауіпті апаттар болған жағдайда не істеу қажеттілігі түсіндірілді.
Communication Club
"Мирас" колледжі мекемесінде "Communication Club" клубының кезекті кездесуі өтті. Біздің студенттер ағылшын тілін тікелей тіл тасымалдаушымен сөйлесу арқылы тәжірибеден өткізуге бірегей мүмкіндік алды! Өзекті тақырыптарды талқылап, коммуникативтік дағдыларын дамытып, тілді әрі қарай үйренуге мотивация алды.
«Ұлттық жоба» аясында филансер жастарына арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау
«Мирас» колледжі» мекемесінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» аясында филансер жастарына арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша студенттермен кездесу өтті. Іс-шараныңмақсаты:жастардыңбілімінқұқықтықсауаттылығынарттыру.
Наурыз мейрамы
«Мирас» колледжі» мекемесінің директоры Абуева Нургуль Курбановна сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейді.
Жәрмеңке күні
«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамы қарсаңында «Мирас» колледжі» мекемесінің студенттері колледжімізде «Жәрмеңке күнін» ұйымдастырды. Студенттер өз қолдарынан жасалған қол өнер бұйымдары мен тәттілерін ұсынды.
Лудомания, отбасындағы зорлық-зомбылық, қыздар кеңесі, Суицидтің зияндығын насихаттау
2025 жылдың 20 наурыз күні “Мирас” колледжі” мекемесінде Ішкі саясат жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ның Психологиялық көмек күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен “Лудомания, отбасындағы зорлық-зомбылық, қыздар кеңесі, Суицидтің зияндығын насихаттау мақсатында психолог және де полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.

