Мирас колледжінде Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаштың шынары» атты дөңгелек үстел мен кітап көрмесі өтті.Іс-шараның мақсаты –Міржақып Дулатұлының бай әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру,оның ағартушылық және қоғамдық қызметін насихаттау,ұлттық сананы оятқан шығармаларының маңызын ашу.
«Оян, қазақ!» деп елін ерлікке шақырған, ұлт руханиятының ұлы тұлғасы Міржақып Дулатұлы – мәңгілік өнеге.



