Мирас" колледжі мекемесінде антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар антибиотиктерді жауапты пайдалану, олардың ағзаға әсері және антибиотикке төзімділіктің алдын алу мәселелерін талқылады.Студенттер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, маңызды ақпарат алды.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау — болашақтың кепілі!



