«Мирас» колледжінде қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық шара өтті. Іс-шараның мақсаты:оқырмандарды С.Бегалиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; оның өлеңдері мен әңгімелеріндегі өнегелі ойларды насихаттау;оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу;мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы қызығушылықты арттырып, белсенді оқырман қалыптастыру.
Сапарғали Бегалин – баланың жанын түсінген, көңіліне жол таба білген, таза да мейірімді әдебиеттің шебері. Оның мұрасы – өскелең ұрпаққа арналған рухани қазына.



