Жаңалықтар

25-қазан Республика күніне «Мирас» колледжі мекемесінің директоры Абуева Нургуль Курбановнаның құттықтауы

22.10.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінің директоры Абуева Нургуль Курбановна 25-қазан Республика күніне құттықтау жолдады:

 «Республика күні елдің мемлеке құру жолындағы тарихи қадамының  символы болып табылады. Қазақстан халқының достығы, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, қазақ елінің патриоттығын айқындайтын күн.  Мемлекетіміздің тыныс-тіршілігін, оның  әлеуметтік құрылымы мен экономикалық дамуы жастарымыздың қолында.  Барша Жаңа Қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын!»

«Ерте жүктіліктің алдын-алу, қыздар гигиенасы, жыныс жолдары арқылы жұғатын жұқпалы аурулар»

20.10. 2022 «Мирас» колледжі мекемесінде Мед пункт меңгерушісі Сарынбетова Жансая Сембековнаның жетекшілігімен «Ерте жүктіліктің алдын-алу, қыздар гигиенасы, жыныс жолдары арқылы жұғатын жұқпалы аурулар» тақырыбында дәріс оқылып, колледждің 1-курс білім алушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Қамқор емханасының акушеркасы С.С.Абдирова, терапевт дәрігері Д.ДДжаймаганбетова, психолог А.К. Хамидуллаева, социолог  А.Т.Асилханова және колледж психологы К.О.Анатольевна қатысты.

Мекемесінде «Егемендік-елдің баға жетпес елдігі»

20.10.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Егемендік-елдің баға жетпес елдігі» тақырыбында Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының білім алушыларының ұйымдастыруымен дебаттық турнир өтті. Колледж білім алушылары арасында қызу пікірталас жүріп, Республика күнін қайтару мәселесін көтерді, екі жақта көзқарастарын ашық жеткізе алды.

«Антитерроризм және діни экстремизм» тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

2022 жылдың қазан айында «Мирас» колледж мекемесінде «Антитерроризм және діни экстремизм»  тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ашық сабақ өтілді.Ашық сабақта арнайы пән оқытушысы Таубаева Алтынай Мамадалиевна түсіндірме жұмыстары мен қатар бірнеше сұрақтарға жауап берді.Білім алушылар әр түрлі  бағыттағы ағымдар бойынша ақпараттармен таныстырылды.

Республика күніне орай «Отаным-бақыт ордасы»

13.10.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 25 қазан Республика күніне орай «Отаным-бақыт ордасы» тақырыбында шағын көлемді ашық сабақтар жүргізіліп, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері таныстырылып, білім алушылар арасында сұрақ-жауап болды. Отан туралы өлеңдер оқылып, елімізді қорғау үшін ат салысқан ұлы тұлғаларға шолу жасалды.

Ұстаздар мерекесі

Ұстаздар мерекесіне орай «Мирас» колледж мекемесінің директоры Абуева Нургуль Курбановна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махатова Зауре Орынбасаровна Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Алғыс хат- қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектерін ескере отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы абыройлы істеріне берілді.

Ұстаздар күні

Ұстаздар мерекесіне орай «Мирас» колледж мекемесінің директоры Абуева Нургуль Курбановна және арнайы пән оқытушысы Удовиченко Татьяна Генадьевна, Білім министрі Асхат  Аймағанбетовтың құттықтау хатын алды.

Құттықтау хатта- Ұстаз ел болашағын сеніп тапсырар,тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтін беделді тұлға. Қоғам мен адамзат алдындағы жауапкершілігі жоғары өлшеусіз еңбектеріне  алғыс білдіреді.

Ұстаздар күніне орай білім алушылардың арнауы

30.09.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесі «Ұстаздар күні» мерекесіне орай білім алушылардың қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Білім алушылар жүрек жарды тілектері мен өнерлерін көрсетіп көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға Жастар Ресурстық Орталығының мамандары қатысып мұғалімдерді құттықтап ,колледж директоры Нургуль Курбановна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зауре Орынбасаровнаға алғыс хаттар  табыстады.

Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу

30.09.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, қала аумағындағы орта оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж білім алушылармен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе отыра, дінге қатысты ойларында жүрген барлық сауалдарға жауап ала алды.

Ата-аналар жиналысы

28.09.2022 жылы  «Мирас» колледжі мекемесінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып,  барша білім алушылардың ата-аналарына колледждің ішкі және сыртқы тәртібі мен оқу жүйесі таныстырылды. Ата-аналар қауымы балаларының жетекшілері және колледж директоры Нургуль Курбановнамен танысып,  тілдесіп, біршама сұрақтарға жауап ала алды.