«Sanaly urpaq» клубтарының қалалық слеті

Қалалық Білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  «Sanaly urpaq»  клубтарының слеті Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол-көлік колледжінде салтанатты іс-шарамен  қорытындылады.

 

Салтанатты іс-шараға  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре, қалалық Білім басқармасының басшы орынбасары м.а Сауытов Тұрар, қалалық мәслихат депутаттары Балтабаев Талғат, Наимбекова Айжан және колледж студенттері қатысты.

Слеттің  мақсаты: Жастардың бойында рухани адамгершілік жəне азаматтық-патриоттық тəрбиемен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жас ұрпақтың таланттарын тиімді пайдаланып білім жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың нығайтылуына ықпал ету. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру және дамыту.

23.12.2023жылы жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  өткізілген пікір сайысқа колледжіміздің атынан Ағабек Гүлсезім және Корганова Айлин қатысып, өздерін жоғары деңгейде көрсете алды.