Жаңалықтар

Ерте жүктіліктің алдын алу

25.09.2023жылы «Мирас» колледж  мекемесінде «Ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы, жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында №77 клиникасының гинеколог - дәрігері Тастанова Раушан Сериковна қыздар қауымының сұрақтарына жауап беріп, ақпараттармен бөлісті.

Колледж Президентінің сайлауы

25.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде студенттер арасында колледж Президентінің сайлауы өтті. Үміткерлердің сапалы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге  уақыты жеткілікті болды. Колледж директоры Абуева Нургуль  Курбановна президентті ресми түрде жариялады.

Онлайн дауыс беру нәтижесінде 56,8% Октамов Зафар Айбекұлы жеңді.

Cеминар «Воспитание девочек - воспитание нации!»

25.09.2023 жылы «Мирас» колледж мекемесінде «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу.

Жиналысқа Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің орынбасары Бердіходжаева Сәуле – Аналар кеңесінің төрайымы!Тоғжан Берікқызы – Мирас колледжінің студенті. (Пікір білдірген)  Құрманбекова Шарапат- Тұран ауданы, Отырар ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз!Бақбаева Гүлбахрам- Қазығұрт шағын ауданы Ардагерлер жанынан құрылған «Асыл әжелер» тобының төрайымы. Қолдасова Тоқсұлу - «Асыл әжелер» тобының мүшесі. Қосмамбетова Арысгүл « Ақ халатты абзал жан» қазір зейнеткер жасында . «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы.  Айымбетова Ғалия – «Асыл әжелер» тобының мүшесі. Абай ауданы жастармен жұмысы  жүргізу бөлімінің басшысы –Құдайберген Гүлбибі .

Республикалық форум

22.09.2023жылы «Мирас» колледжінің білім алушылары Жастар ресурстық орталығының және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігімен бірлесе отырып, өткізілетін «Деструктивті діни ағымдардың іс –әрекеттерінен сақтандыру» атты республикалық форумына қатысып , діни сауаттылығын арттырып ,қосымша ақпараттар алды.

Адалдық сағаты

22.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Отаншылдыққа, патриотизмге, сондай-ақ адамгершілікке баулу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жас буынның бойына сіңіру, Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында,  адалдық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында  1-4 курс студенттерімен адалдық сағаттары ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өскелең ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық пен құндылықтарды қалыптастыру.

Ата-аналар жиналысы

20.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, барлық білім алушылардың ата-аналарына колледждің ішкі  және сыртқы тәртібі мен оқу жүйесі таныстырылды. Келген ата-аналармен  колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна  танысып,жаңа оқу жылымен құттықтап, біршама сұрақтарға жауап берді.

«Заң және жаза» тақырыбында жастар арасында кездесу

19.09 2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және жаза» тақырыбында жастар арасында кездесу өтті.Кездесуге Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Қанаев Берік Қожабайұлы қатысып, жастарға түнгі уақытта 22:00 ден кейін рейдтік жұмыстар жүргізілетіні туралы ескертіп, көшеге шықпау және электронды темекі, буллинг, кибербуулинг бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара соңында білім алушылар түсінбеген сұрақтарына жауап алды.

Кездесу мақсаты : жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Киелі Табиғат» республикалық сенбілік

16.09.2023жылы «Мирас »колледжі мекемесінің білім алушылары Жастар ресурстық орталығымен «Киелі Табиғат» республикалық сенбілігіне қатысып, Абдель- Азиз баб, Ибрагим – ата кесенесі , Қожа Салих кесенесі, Қарашаш ана кесенесі және Қызыр мұнарасымен таныстырылды.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында кездесу

15.09.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Auezov Jastary»  Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуде білім алушылар өздерінің  сауалдарға жауап ала алды. Қала жастары арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттардың алдын алу мақсатында колледж ішіне «Сенім жәшігі» орнатылды.

«Дене сергіту» челленджі

08.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Тоғыз айдағы 9 іс-шара» Тұжырымдамасы негізінде «Дене сергіту» челленджі өтті.

Челлендждің мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру.