Жаңалықтар

«Туған өлкем» фестивальі

19.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінің Тарих пәні оқытушысы Ахметова Анар Ғабитқызы және бөлім меңгерушісі Джазибаева Жанат Сериковна білім алушыларды облыстық тарихи өлкетану музейіне алып барып, «Туған өлкенің» тарихы мен мәдениетін таныстырды.

Мархаббат Байғұт және оның шығармашылығы жайында дөңгелек үстел

10.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен Мархаббат Байғұт және оның шығармашылығы жайында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты аталған жазушының мерейін асқақтатып жасаған жұмыстарын көтеру, ұрпаққа жеткізу. Мархабаттың сөз қолданысын, тіл өрнектерін, айшықты арнайы ой өрісін жеткізе білетін өнерін балаларға көрсету, үлгі ету. Шара барысында Т-221г тобының білім алушысы Сапарбек Зарина «Жоғалған жұрнақ» әңгімесіннен алған әсерімен бөлісті. Желтоқсан оқиғасына байланысты болғандықтан, кейіпкерлермен жас ерекшеліктері ұқсас болғандықтан осы әңгімесіне қызыққандығын айтады.

Шымкентте «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» халықаралық чемпионаты басталды

Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі басталды.

Кеше Шымкент қаласының Жастар Ресурстық Орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында өтетін дәстүрлі ”WorldSkills Shymkent-2023” чемпионатының ашылу салтанаты атап өтілді. Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында өтетін өңірлік чемпионатқа 18 колледжден 204 студент 45 құзыреттілік бойынша қатысып, бағын сынамақ.

«Шахматтан» челлендж

2023 жылы 12 сәуір күні «Мирас» колледжі мекемесінде шахматтан республикалық челлендж өтті.  Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.Челлендждің мақсаты –  шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту және балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыру.

Теологтармен кездесу

28.03.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық орталығымен бірлесе құрылған жоспарға сәйкес жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы теологтармен кездесу жүргізілді. Атап айтқанда орталықтан Арайлым Ерланқызы жастарды қонақтармен таныстырып, сөз дамытушы болды. Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан қауіпсіздік шаралар мен күдікті тұлғаларды көргенде қандай әрекет жасау керектігі туралы ескіртіп, түсіндірме жұмыстарын жасады.

.«Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби интеллектуалды ойын

27.03.2023 жылы «Мирас» колледжі  мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен 1-курс білім алушыларына «Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби интеллектуалды ойын жүргізілді. Ойынның негізгі мақсаты білім алушыларды пікірталасқа, шаршытоп алдында ойын еркін жеткізуге жетелеу, ой-өрісін, шығармашылық қабілеті мен ширақтылығын арттыру болатын. Ойын барысында топ екі командаға бөлініп жарысты. Құрамында Мақал-мәтелді жалғастыру, жаңылтпашты мүдірмей айту, сұрақ-жауап секілді бөлімдерімен білім алушыларды қызықтыра білді. Нәтижесінде алғырлар тобы алға озып,  өз шеберліктерін көрсетті.

«Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі

20.03.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес «Жаңа кітаптар» атты тақырыпта кітап көрмесі қойылды. Көрменің негізгі мақсаты-жаңа түскен кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу. Білім алушыларға кітапханамызға келген кітаптарға шолу жасау. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» -мамандығы жоспар бойынша жаңа кітаптармен таныстырды. Мамандықтары бойынша кітаптардың қажеттілігі орасан зор.

Наурыз спорттық ойындар

Наурыз" мерекелік іс-шарасы қарсаңында бізде ойын жарыстары өтті.

Мақсаты: студенттерде патриотизмге, Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісіміне, Қазақстан халықтарының дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіздік пен қатал көшпелі өмір үшін күрес жағдайында қазақ халқында дене тәрбиесінің өзіндік жүйесі қалыптасты. Оның негізінде ұлттық спорт түрлері мен ашық ойындар болды. Бәсекелестік сипат жастардың бойында күш, ептілік пен төзімділіктің дамуына, батылдыққа, батылдыққа және басқа да қасиеттерге тәрбиелеуге ықпал етті.

Біздің балалар жақсы, керемет ойын көрсетті. Жеңілгендер болған жоқ! Достық жеңді!

Келесі спартакиадаға дайындалыңыз.

«Қош келдің әз-Наурыз»

15, 16, 17 наурызда Наурыз мерекесі қарсаңында іс-шаралар жоспары белгіленді.

15 наурыз бөлімше арасында кабинеттерді безендіру.  Жүлде қоры 60 000 теңге.

16 наурызда колледж аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Сыйлық қоры тәттілер себеті.

17 наурызда колледж аумағында ойындар мен жарыстар, "Арқан тарту" және "Асық ату" сияқты дәстүрлі ойындар өтеді. Жүлде қоры бокстар тәттілермен. Бізге келгісі келетін барлық адамдар, тіпті мектеп оқушылары да қатыса алады. Жақынырақ танысудың уақыты келді.

«8-наурыз Халықаралық арулар мерекесі»

07.03.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде атаулы «8-наурыз Халықаралық арулар мерекесіне» орай концерт ұйымдастырылды. Іс-шарада білім алушылардың ізгі ниеттері мен өнерлерін тамашалап, ойындар ұйымдастырылды. Колледж ер азаматтары қауымы барлық ұжымдағы қыз-келіншектерді концерттік бағдарламамен құттықтады.  Құрылтайшы атынан арнайы тосын сыйлар тағайындалып ұстаздардың мерейін көтерді. Мерекелік шара өз дәрежесінде көңілді, қызықты өткізілді.