04.12.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Жургенбаева Назира Матышовна , СӨСҚ орталығының маманы Молдабаева Айжан Мәдіханқызы және Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Баймурунова Раушан Асановнамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында: «АИТВ /ЖИТС-тің алдын алу», «Репродуктивті денсаулықты қорғау» және «Есірткісіз болашақ» тақырыптарында ақпараттар айтылды.