«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» атты республикалық форумы

Ағымдағы жылдың  12-13 желтоқсан күндері Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ТжКБ департаменттің ұйымдастыруымен  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» тақырыбымен республикалық форум өтті. Форумға еліміздің техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты.

 

12.12.2023 жылы  форумға қатысушылар Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық – техникалық базасымен танысып, тәжірибе алмасты.

13.12.2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қатысуымен секция отырысы болып, төмендегі бағыттар қамтылды.

  • ТжКББ жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын анықтау, оқу орындарын басқарудың тиімді модельдерін әзірлеу, енгізу:
  • Жаңа оқу жылынан бастап жан басына қаржыландыру мөлшері 2 есе артуы;
  • Студенттік Business startup орталықтарын құру;

Форум соңында үздік мамандар ведомстволық наградалармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Шымкент қаласынан «Мирас» колледжі мекемесінің  директоры Абуева  Нургуль Курбановна марапатталды.