Кітаптар әлемінде

25.12.2023 жылы «Мирас » колледжі мекемесінде «Кітаптар әлемінде» атты  жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру.

 

Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз. Колледждің  кітапханасының  жұмысын жандандыру және кітап қорларын толықтыру мақсатында  көптеп жаңа әдеби кітаптар келіп жатыр.