Тәуелсіздік қастерлі ұғым.Бұл күн-сан ғасырлардан бері ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Осыған орай «Мирас» колледжі мекемесі еске алу мақсатында «ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: жастардың бойында патриоттық рух, ұлттық құндылық, біртұтас тәрбиені қалыптастыру.
Колледжіміз директоры Абуева Нургуль Курбановна барша әріптестер мен студенттерді Ұлы мерекемен құттықтады.
Тәуелсіз еліміз өркендеп, ел экономикасы қарқынды дамып, көк туымыз мәңгілікке көк аспанымызда желбіреп, бір тұтас, татулығы мен бірлігі жарасқан ел болайық. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!