«Мирас» колледжінің 20 жылдық мерейтойына орай! Бүгін колледж базасында «Стартап Мирас: білімнен бизнеске!» атты қалалық стартап-жобалар байқауы өтті. Жобаға қатысқан колледж студенттері өз идеяларын жүзеге асыруда табандылық, инновациялық көзқарас пен креативтілікті көрсетті. Мерейтой аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара студенттердің біліктілігін арттыруға және инновациялық ойлауын дамытуға бағытталды.

