«Мирас» колледжі» мекемесінде 2025 жылдың 24 қазан күні Республика күніне және Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Бұл шара студенттердің жүрегіне отансүйгіштік рух ұялатып, ел тәуелсіздігінің қадірін сезінуге мүмкіндік берді.



