29.10.2025 жылы «01140100 – Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» және «01120100 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1-курс студенттері (МТ-251 г, ББ-251 топтары) мамандықпен танысу мақсатында Шымкент қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі №35А мекенжайында орналасқан №69 «Еркебұлан» бөбекжай-бақшасына қызықты экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында студенттер:
- балабақша өмірімен және тәрбие процесімен танысты;
- педагогтардың күнделікті еңбегін өз көзімен көрді;
- балалармен қарым-қатынас жасау мәдениеті мен әдістемесін бақылап, болашақ маман ретіндегі жауапкершіліктің мәнін сезінді.
Бұл сапар – студенттердің кәсіби бағыттылығын нығайтып, педагог мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырған тамаша тәжірибе болды!


