Психологиялық денсаулық және көңіл күй күйзелістерінің алдын алу

2025 жылдың 12 қарашасы күні «Психологиялық денсаулық және көңіл күй күйзелістерінің алдын алу» тақырыбында «Отау Мед» және «Вип Сервис 17» клиникаларының психолог-дәрігерлері — Әбішова Ақжарқын Доқтырбаевна мен Тоқан Ұлбосын Нұрғалиқызы студенттермен кездесу (жиналыс) өткізді.Кездесу барысында мамандар психологиялық денсаулықты сақтау, күйзелістің алдын алу жолдары, эмоциялық тұрақтылықты дамыту тәсілдері жөнінде кеңес беріп, студенттермен ашық пікір алмасты.