«Мирас» университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын II және III курс студенттері Мамышева Ақбол (II курс, КЛ-411К-1 тобы), Айдарәлі Балдана (II курс, КЛ-411К-1 тобы), Әбдәкім Балжан (3 курс КЛ-311К-1 тобы) және Нақыпбекова Аида (II курс, КЛ-411К-1 тобы) сәуірдің 6-ы мен 10-ы аралығында өткен Алматы қаласы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті, педагогика факультетінің базасында ұйымдастырылған халықаралық конфренециясында өз ғылыми жұмыстарын баяндап, қатысып қайтты. Бұл конфреенцияда «Мирас» университетінің студенттері жұмыстарының негізінде баяндамаларын жасап, жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде, Нақыпбекова Аида, Мамышева Ақбол, Айдарәлі Балдана II –ші орындарды иеленіп, дипломмен оралды.
«Бұқаралық коммуникативтік тілінің әлеуметтік проблемалары» тақырыбына ғылыми жұмысын қорғап, II орын алған Айдарәлі Балдана, өз ойымен бөлісті.
«Біз Алматыдағы конференцияда көптеген мәліметтер жинадық, көшбасшылық талантымызды дамытып, өзіміді жұрт алдында ұстауды үйрендік. Конференцияда көптеген ұлт өкілдері қатысты, «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «мәңгілік ел» секілді қызықты тақырыптар талқыланды. Менің ойымша, ғылыми жұмысты жақсы қорғау үшін, оған бар күшпен берілу керек. Ал табысты адам болу үшін, әрқашан алға жылжып, ғылымға үлес қосып, өз талантымызды дамытуымыз керек» дейді Балдана.
«Мирас» университетінің студенттеріне айтарымыз - баяндамалар жазып, конференцияларға қатысып, жаңа жерлерді көрулеріңізге тілектеспіз.
Әлі көптеген жетістіктеріңіз бар екеніне күмәніміз жоқ!