Өңіріміздегі белді жоғары оқу орыны болып саналатын «Мирас» университеті студент жастарының интелектуалдық қабылетін арттыруға ерекше назар аударады. Осы мақсатта, «Мирас» университетінің ұйымдастыруымен және Облыстық Жастар орталығының жанынан құралған "Пікірсайысшылар"мектебінің колдауымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты ректор кубогыне арналған қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Оған қаламыздың ОҚМУ" құрамасы, "ОҚМПИ"құрамасы," ОҚМФА"құрамасы, "ҚИПХДУ"құрамасы, "АӘИУ" құрамасы және "Мирас" "Қызылорда" құрамалары қатысып, ой тартыстырды.
Жастарды дамытуға негізделген бұл турнирде қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыға салынды. Сонымен пікірсайыс дегеніміз не? Француз тілінен аударғанда "debate" дегеніміз ол «талқылау, ой алмасу» деген мағынаны білдіреді. Қысқаша айтқанда, ойды көпшілік алдына тайсалмай, тиянақты жеткізуге баулу, мәдениеттілік пен адамгершілік қасиеттерді дамыту секілді дебаттың күрделі де көп қырлы мақсаттарын айқындайды.
"Жалпақ әлемді аузына қарату үшін - рухани ерлік керек. Жалпақ әлемге кысылмай, қымтырылмай қарау үшін - рухани байлық керек. Өзіңіздің қоғамдағы маңыздылығыңызды сезіну үшін , руханият пен білімге сусындау үшін дебатқа қатысыңыз. "Адам мақсатына өзін өзі жетілдіру арқылы жетеді" десе , пікірсайыс сол дамудың даңғыл жолын көрсетеді.
«Пікірсайыс» ойындары болашақ мамандар үшін өте пайдалы. Жастардың дұрыс ойлауларын, көпшілік алдында қысылмай, еркін сөйлей алуына ықпалын тигізеді. Көпшілік алдында сауатты және дәлелмен сөйлей білу студенттерге келешекте кәсіби тұрғыда қажет болады.
Бұл турнир дәстүрге айналып, және жыл сайын еліміздегі оқу орындарының белсенді жастарының басын қосатын болды. Біздің студенттеріміз облыстық және республикалық деңгейде жарыстарға қатысып, пікірсайыс ойындарының дамуына үлес қосып жүр. «Біз белсенді жастарға қашанда қолдау көрсетеміз» дейді «Мирас» университетінің президенті.
"Турнир аясында спикерлер қоғамдағы маңызды жастар мәселелерін талқылады, оның ішінде: білім, ЖОО-дағы жемқорлық, жұмысқа орналасу мәселесі, волонтерліктідамыту, патриоттық сезімін ояту сияқты сынды сұрақтарды көтерді.
Соныменқатар, Еуразиялық экономикалық одақ мәселелерді, "Нұр Отан "партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламасын талқылады. Қазір пікір сайыс ойындары жоғары деңгейде дамып келеді. "Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң - онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң - онда ағаш ек, ал ғасырлық оміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле "дегенді дана халқымыз бекер айтпаған. Бүгінгі жастар ертеңгі болашағымыз деп айтудан жалықпаймыз" дейді Мирас университетінің проректоры Валида Илашбайқызы.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты ректор кубогыне арналған қалалық пікірсайыстурнирінің нәтижесі:
I орын иегері ОКМПИ құрамасы
"IRIS" Түзубек Дархан &Алдонгаров Жусiп
II орын иегері ОКМПИ құрамасы
"Алғабас" Дархан Шыңғыс & Турар Динара
III орын иегері ОҚМУ құрамасы
"Ақиқат қыздары" Сауыт Құралай & Қоянбай Жансая
Ең үздік спикер: Түзубек Дархан
Үздік спикер: Алдонгаров Жусiп
Ен үздік төреші: Оразымбетов Нұрбол