Қыз балалар ұландармен қатар саптық және әскери дайындық жасап, жарғы, әскери типография және басқа да әскери ғылымдар сабақтары бойынша білім алатын болды. Студент-қыздарға арналған барлық азаматтық жоғарғы оқу орындарында ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен осы оқу жылында әскери кафедраларда мамандықтар ашылғандығын қорғаныс мекемесінің баспасөз қызметіне сілтемесімен Zakon.kz хабарлайды.
Әскери кафедраға түсі үшін, қыз балаларға медициналық қараудан өтіп, физикалық даярлығынан нормативтер мен психологиялық сынақтар тапсыруы тиіс. Осы көрсеткіштердің барлығы комиссия отырысында қаралатын болады.
«Әскери кафедрадан білім ала отырып, қыз балаларға өзін ҚР Іскери күшінің офицері ретінде танытуға мүмкіндік береді. Біз бұны бірде-бір жоғарғы оқу орнының қыз балалары шектеліп қалмауы үшін, барлық жоғары оқу орындарында жасадық. Оқу аяқталған уақытта барлық түлектерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріліп, олар автоматты түрде ҚР Әскери Күшінің мобилизациялық резерві болып саналады», - дейді ҚР ғылым және білім департаментінің бастығы Айгүл Төлембаева.
Осылайша, қыз балалар ұландармен қатар оқу ғимаратында бейінжағынан жақын әскери мамандық бойынша қосымша білім алуға мүмкіндігі бар.
МИРАС университетінің Әскери кафедрасына түсу үшін Сізге қажетболатыны:
* Студенттерге қызмет көрсету орталығына 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін әскери кафедраға қабылдау туралы өтінішімен жүгінуіңіз тиіс;
* Қажетті құжаттар тізімін ұсынуыңыз (денсаулық жағдайы туралы анықтама);
* Деканаттан оқу үлгерімі туралы анықтаманы алуыңыз.