2016 жылдың 8 сәуірінде, «Мирас» университетінің Бизнес Инкубаторы, «ASPAN» компаниясымен «Өз ісім» байқауын ұйымдастырды. Кештің қонақтары болып: Ахметшиев Арман Абубакирович ХБ кафедрасының ғылыми қызметкері, мал шаруашылығы технологиясы департаментінен Ажибеков Бакытжан Аманханович, М.Сапарбаев ОҚГИ-ның аға оқытушысы Коваленко И.В. және "Панорама" мегаполисының дизайнері Бекзат Тасыбаев қатысты.
Мирастың 1-3 курс студенттері өз белсенділігін көрсетіп , Start-Up жобаларын қазылар алқасына тапсырды. «Кешірім сұрау агенттігі », «Коно-пицца», «Дизайн (LED текше 8 * 8 * 8)», «3D Мирас Puzzle», «Суретті медициналық пластыр», «Мирас университетінің жедел психологиялық қызметі», «Оңтүстік сұр түсті қаракөл қарқындысын дайындау технологиясы», «Казақстан бәрімізге» және «Үлесім мен өсу» жедел психологиялық қолдау қызметі сияқты жобалар көрсетілді.
Барлық жобалар көрермендердің қызығушылығы мен жаңа идеяларын туындырды, тиімді ұсыныстар талқыланды.Ұсынылған Start-Up идеялардың ішінде, ең үздік жеңімпаздары болып Бекболат Е. (Фк. 311к1 тобы, III курс) және Әуез E (Фк. 311к1 тобы, III курс). «3D Мирас Puzzle» жобасымен I орын иегері болып 50 000 теңгемен марапатталды. II орын 30 000 теңгемен марапатталып, қалған қатысушыларға «ASPAN» компаниясының брендті сыйлықтары берілді. Осы сайыс, көрермендердің, оқушылардың жане келген қонақтардың өз бизнесін жасауға, жане Қазақстан Республикасының дамуына үлесін қосатын мотивациясын арттырды десек қателеспейміз.
Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс айтқандай, «Аш қалыңдар, ақылсыз қалыңдар», әлемнің берген мүмкундуктерін қолданыңыздар. Бәлкім, Сіз ең табысты бизнесмен боларсыз.
Біздің жаңалықтарымыздың соңынан еріңіздер !