Қаржы, есеп және аудит кафедрасының жұмыс жоспары мен бағдарламасына сәйкес, «бухгалтерлер апталығы» ұйымдастырылды. Бухгалтерлер апталығында ұсынылған жұмыстар бухгалтерлік есептің, ғылым ретінде дамуына арналды. Бағдарлама бойынша студенттер «Жатқанға жан жоламас,жүргенге жөргем ілінеді» ұранымен конкурс ұйымдастырып, қызықты баяндама мен слайдтарды даярлап ұсынды. Конкурс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең- «Полиглот». Екінші кезең «Жағдайлық тапсырма». Үшінші кезеңде конкурстың қатысушылары тест тапсырмасы бойынша жауап берді.
«Бухгалтерлер апталығы»мазмұнды әрі пайдалы болып өтті. «Есеп және аудит» мамандығының студенттері әр түрлі қасиеттерін көрсетіп қана қоймай, командада жұмыс істей білу, маңызды шешімдерді қабылдау және оларды ұстану, көшбасшылық қасиет, шығармашылық қабілет секілді жаңа қасиеттерді иемденді. Қатысушылар өздері үшін пайдалы әрі қызықты мәліметті алғанын атап айтты. Нәтижесінде, барлық қатысушы мен көрермен риза болып, ең бастысы – көздеген мақсатына болашақта қол жеткізуіне көмектесетін үлкен тәжірибе мен адреналин алды.