Мұрағат

«Жас Өркен» бағдарламасы

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы, «Жас Өркен» бағдарламасының форматында іске асырылатын, 2017 жылғы жоо-ның дарынды түлектерін іздеу, іріктеу және оқыту жөніндегі бастамасын жариялайды.. Мирас университетінің студенттерін «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында Тағылымдамалар бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Біз ең дарынды 20 студенттің ішінен команда құру үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен шыққан түлектердің барынша көп санын тартуға мүдделіміз. Өз ісінің кәсіпқойы болғысы келетін және Қазақстан Республикасының үздік ұлттық компанияларында өз мансабын бастағысы келетін 2017 жылғы түлектер қатысуға шақырылады.

Ашық Есіктер Күні 2017!

Алғаш рет Мирас университетінің алаңына 5000-нан астам оқушы жиналды. Ашық есіктер күнінде біздің университетіміздің қонақтары үшін ойын-сауық бағдарламалары дайындалды, олар: спорттық іс-шаралар, сән көрсетілімдер, сондай-ақ концерт. Мерекелік Ашық есіктер күнінде қаланың атақты би топтары өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, мамандықтар көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар әр мамандық жайлы мәлімет алды және университеттің атынан барлықтарықтарына тәтті балмұздақтар берілді. Бірақ бағдарламаның басты қонағы бүкіл жұртқа танымал «Ninety One» тобы болды. 
Ұйымдастырушылар Мирас университетінде Ашық есіктер күні келесі жылы да үлкен ауқымда өтеді деп уәде бердүде.

Ашық Есіктер Күні 2017

Осы жылдың көптен күткен оқиғасы!Әр бір оқушы осы күнді күтуде! Дәл осы күні Мирас университеті Шымкент қаласының және ОҚО барлық бітіруші түлектеріне өз есігін ашады!

Біз сені күтеміз! Ыстық болатыны анық!

Тарих және құқық кафедрасының апталық күндері

28-29 наурыз аралығында апталық өткізілді.

28.03.2017ж  12-00 сағ.  414 ауд.

1. Көк тудың желбірегені. Өлең ЮР-611К-2 тобы.

2. ҚР әнұраны. Қазақстан полициясына арналған видеоролик көрсетілді. Апталықты ашу салтанаты. Кіріспе сөз – тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Бердибекова Г.С.

3. Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес шаралары. Срайылов Іслам, ЮР-411К-1 тобы

Конференция Антикоррупция

Мирас университетінде «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбындағы облыстық конференция өтті.

31.03.2017ж.  Қазақстан Республикасының мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруы бойынша Мирас университетінде «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбындағы облыстық конференция өтті. Конференция арнайы бағдарлама арқылы жүргізілді. Конференцияның ашылуын модератор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің аға тәлімгері Ибраев Жандос Ғабитұлы ашып, баяндамашыларға арнайы сөз берді. Мирас университеті тарапынан, Мирас университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Султанова Валида Илашбаевна студент жастарға облысымыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жатқандарын, студенттер болашақ зиялы қауым және еліміздің негізгі стратегиялық бағытын жүзеге асыру жастардың қолында екендігін атап өтті. Және де,  Мирас университетінің «Экономика менеджмент және туризм» кафедрасының экономика ғылымдарының докторы, профессор Купешев Алмас Шораевич,  сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екенін,  Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсеткені туралы айтып өтті.

2017 жылдың наурыз айында Мирас Университеті аккредитациядан өтті

2017 жылдың наурыз айында Мирас Университеті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (IQAA)институциялық аккредитациядан өтті.

Академиктер ортасынан, халықаралық сарапшыдан, жұмыс берушінің өкілінен және студенттердің өкілінен құралған сараптау комиссиясы 3 күннің ішінде университеттің оқу корпустарын, материалдық-техникалық базасын көзбен шолып қарап шықты, сабақтарға қатысты, университеттің құжаттамасымен танысты, Президент пен проректорлардан бастап студенттер мен жұмыс берушілерге дейінгі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен сұхбат жүргізді.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...