Мирас университетінің қолдауымен «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге облыстық «Қазақстан Халық Ассамблеясының» өкілдері, Мирас университетінің тәрбие ісі жөнінде ректоры, оқытушылар мен студенттер қатысты. «Дөңгелек үстел» мақсаты: Мемлекеттілікті нығайту, Қазақстан халқының бірлігі және базалық құндылықтары айналасында қоғамды топтастыр осылардың негізінде тәуелсіздік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім; мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз Отанына деген махаббат, тарихи өткеніне құрмет пен қызығушылық сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік, Отан алдында азаматтық борыш, Отаныңның мүддесі үшін қызмет етуге дайын болу.
Сауле Жаксыбайқызы Рысбаева сөз сөйлеу барысында Қазақстан тәуелсіздік жылдарында көп жағдайды басынан кешірді, еш уақытта болмаған экономикалық өсу, көптеген дамытуға арналған бағдарламаларына мүмкіндік берді деп атап өтті. Барлық іс-әрекеттер қоғамды дамытуға және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмаларын шешуге бағытталғандығын дәл айтуға болады.