2016 жылдың 22 қазанында Оңтүстік-Қазақстан политехникалық колледжінде Қазақстан Халық ассамблеясының «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің гала концерті этномәдени бірлестік өкілдері мен жастардың қатысуымен өтті.
Мерекенің басты мақсаты мен міндеті:
- Жасөспірімдерде руханилық, шыдамдылықты дамыту және өзге ұлт өкілдерінің діни сеніміне сыйластықпен қарау.
- Қатарластарының арасында достық қарым қатынас құру, егде жастағыларға құрметпен қарау.
- халықаралық ұйымдармен интеграциялық қарым-қатынасты кеңейту;
- Қазақстан этностарын шоғырландыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру;
- Халықтар достығы мен ұлтаралық келісімнің рухани бірлігін нығайту мен сақтау идеялар қалыптастыру және таралуы.
Руханилық бірлік идеясын қалыптастыру мен тарату, Халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау.
Қазақстан Еуразияның ортасында орналасу себебінен түрлі өркениетпен діндерді байланыстырады. Біздің халқымыз әрқашан түрлі мәдениетке түсіністікпен құрметпен қарап, ашық болды. Қазақстан шаңырағының астында жузден астам ұлттар жиналып, ортақ құндылықты бөліп өздерін бірегей халық деп санады. Бізді біріктіретін өткен тарихымыз, ортақ тағдырымыз, мейірімді және жарқын болашаққа деген үмітіміз.