Мирас университетінде 28 мен 30 қазан аралығында «Гендерлік зорлыққа қарсы 16 белсенді күн» тақырыбында «БҰҰ моделі» халықаралық конференциясы өтті. Осы конференцияда қазақстандық студенттерден бөлек Түркия, Ауғанстан, Түркменстан және Рессей елінің жас делегаттары қатысты. Жұмыс алты комитет бойынша ұйымдастырылды, әр комитетте талқылау үшін жаһанды тақырыптар қозғалды. Әр елдің жас уәкілдері жиналып, мәмілегер рөлінде өздерін сезініп, БҰҰ күн тәртібінде тұрған сұрақтарды талқылап,әлемді жақсы жағынан өзгерту үшінөз пікірлерімен бөлісіп, талқылауға қатысып,қарар жазып, ресми келіссөздерді жүргізуді үйреніп, әр ел өкілдерінің ортақ жанасу нүктелерін тапты.
Халықаралық конференцияның арнайы қонағы АҚШ Бас Консулдығының өкілі мен Астанадағы БҰҰ-ныңәйелдер кеңсесінің өкілі болды.