29-30 қараша айында 2016 жылы «Мирас» университетінде Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік «Интегративті-тұтас ойлаудың қалыптастыру процесстері: өткенді сақтау, болашақты құру» атты конференциясы өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты оқушылардың, студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың арасында шығармашылық белсенділігін дамыту, заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми байланысу және білімдік дамуына ықпал ету болып табылады.
Конференцияны өткізу аясында келесі іс-шаралар жоспарлануда: дөңгелек үстел, дизайнерлік жұмыстар жәрмеңкесі, студенттік ғылыми жоба жәрмеңкесі, мамандармен кездесу, семинарлар, сонымен қатар келесі бағыттар бойынша секциялар жұмыс ұйымдастыруда:
- Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму болашағы;
- XXІ ғасырдың ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелері;
- Қазақстан Республикасының азаматтық және қылмыстық заңнамасының өзекті мәселелері;
- Қазіргі заманғы қаржы және бухгалтерлік есепті реформалаудың өзекті мәселелері;
- Тұлға дамуының психолого-педагогикалық мәселелері: әртүрлі қадамдар;
- Үштілді білім жағдайындағы заманауи тенденциялар;
- Заманауи жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы жас студент ғал ымдардың көзқарастары.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткізіледі.
Конференцияға қатысу үшін мәлімдеме (ұсынылған үлгі бойынша), электронды және қағаз түрінде баяндама мәтіндері 2016 жылы 15 қарашаға дейін, мына мекенжай бойынша қабылданады: Шымкент қ., Сапақ Датқа көшесі № 2, «Мирас» университеті, Әкімшілік корпус – 2-ші қабат. Конференция ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Шалбаева Акмира Рахматуллаевна
Анықтама телефондары: 8(7252) 43-82-66; ұялы.тел.: +77011885890
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Қабылданған баяндамалар мәтіндері конференцияның жинағында жарияланады, конференция мәресіне жеткен соң барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Тіркелу және ұйымдастыру жарнасы:
- «Мирас» университетінің магистранттары мен студенттері үшін - тегін;
- Өзге ЖОО-ның студенттері мен магистранттары үшін 2000 теңге.
Баяндаманың материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- конференция тақырыбына сай болуы керек;
- көлемі –А4 форматы 4 беттен аспауы;
- формат мәтіні – Word мәтіндік редакторында;
- шрифт - «Times New Roman», «KZ Times New Roman», 14 пт;
- ашық шеттері: сол жағы – 2 см; оң жағы – 2 см; төменгі жағы – 2 см; жоғарғы жағы – 2 см;
- жоларалық интервал – көбейткіш -1;
- ені бойынша теңестіру;
- бірінші азат жолдың бос жері– 1см;
- көшіруді автоматты түрде орналастыру;
- кестелер мәтінге бірінші сілтемеден кейін енгізіледі (Times New Roman 12 пт); кесте алдында оның нөмірі және атауы қойылады (оң жақ шеті бойынша теңестіріледі), ортасына қарай теңестіріледі;
- Суреттер, сызбалар, кестелер мәтінге бірінші сілтемеден кейін енгізіледі, төменгі жағында жазылуы керек: реттік нөмірі және атауы көрсетіледі;
- Мақала соңында әдебиет тізімдері ұсынылады.
Сол жақ жоғарғы бұрышында ОӘЖ көрсетіледі; желісінен кейін ортасында – мақаланың атауы (қалың қаріппен); желісінен кейін ортасында – автордың аты-жөнінің бірінші әріптері кіші әріппен; желісінен кейін ортасында – оқу немесе жұмыс мекемесінің, қаланың, елдің атауы.
Желісінен кейін курсивпен, қысқаша түсініктеме/резюме: орыс тіліндегі баяндама үшін «түйін» және «summary», қазақ тіліндегі баяндама үшін «резюме» және «summary», ағылшын тіліндегі баяндама үшін «түйін» және «резюме»;
Желісінен кейін – негізгі мәтін, теңдей жоларалық интервалмен терілу керек; мәтінде [1] сілтеме түрінде көрсетілген қолданылған әдебиеттер дереккөздерінің тізімінде, негізгі мәтіннен бір жол бос жер қалдырып көрсетіледі. Библиография көздері мәтінінде көрсетілген және келесі ережелер бойынша жүзеге асырылатын тәртіппен орналасқан дәйекті: автор(лар) аты-жөнінің бірінші әріптері және тегі, дереккөз атауы, басылым орны, жариялау орны, жылы (конференция жинағы үшін – қаласы, елі, жылы), толассыз нөмірлеу.
Жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып, материалды мұқият редакциялап ұсыну керектігіне сіздердің назарларыңызды аударамыз.
Ұйымдастыру комитеті ғылыми жаңалығы жоқ немесе грамматикалық қателігі бар материалдар үшін жауапты емес.
Ұйымдастыру комитеті материалды қабылдамауға құқығы бар. Қолжазбалар қайтарылмайды.
Материалдарды жариялауға беру үшін соңғы мерзімі: 15 қараша 2016 жыл.