UECA (University English Centers/Australia), IDP Education (Cambodia) ұйымдастырған жыл сайынғы CamTESOL “Building skills for regional cooperation and mobility” конференциясы 2015 жылы наурыз айының соңында Пном Пень қаласында өтті.
Конференция 1721 мұғалімдер мен білім беру саласының басқа да қызметкерлері, 33 елден келген 480 делегат қатысқан, ауқымды екікүндік іс-шаралардан құралды.
Онда мен де қатысып, хабарлама жасадым. Сондықтан, конференция туралы өз әсерлеріммен бөліскім келеді.
Кез-келген жоғары деңгейдегі халықыралық конференция – мереке, өйткені бұл – әрі жаңа білімдер, әрі қарым-қатынас және әріптестеріңмен өз тәжірибеңмен бөлісу мүмкіндігі. Камбоджада өткен жыл сайынғы конференция маған ерекше әсер қалдырды.
Біріншіден, жылышырайлы, достық ахуалымен.
Екіншіден, конференцияның ұйымдастырылуымен: пленарлық, секциялық баяндамалар, білім беру көрмелері, кофе-брейктер және т.б.
Мен 4 пленарлық отырысқа, Dr. Renandya A Willy, Dr.Burns Anne, Dr. Wayne E.Wright, Dr. Stefanie Shamila Pillai тәрізді еңбегі сіңген педагогтар мен ағылшын тілін оқыту әдістемесі жөніндегі көптеген кітаптар авторларының әртүрлі тақырыптардағы 15 таныстырылымына қатыстым.
Бәріміз білеміз, кейде конференцияларда шұбалаңқы баяндамалардан шаршайтын кезіміз көп. Бірақ, бұл конференцияда 30 минуттан асатын бірде-бір баяндама болған жоқ, әрқайсысы өте өзекті және ақпаратқа толы болды.
Менің сөз сөйлеуім басқа 26 баяндамашымен қатар, конференцияның екінші күніне белгіленген болатын. Таныстырылым тақырыбы: “Let’s get it started or A good beginning makes good ending”.
Мен мұндай деңгейдегі конференцияда бірінші рет сөз сөйлеп тұрғандықтан, тәжірибемнің жоқтығы баяндамамның сапасына кері әсер етер деп қорықтым. Бірақ, менің қаупім бекер болып шықты: достық ахуалдың арқасында мен өзімді қонақта емес, өз елімде, «Мирас» университетінде жүргендей сезіндім.
Халықаралық конференция маған әлемнің әртүрлі елдерінен келген өз әріптестеріммен қарым-қатынас жасап, олардың өз отанында қандай әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын білудің бірегей мүмкіндігін берді. Ол маған басқалардың қалай жұмыс істейтіндігімен танысып қана қоймай, өз жоспарларыммен және идеяларыммен бөлісуге де көмектесті. Мен өзге елдердің мұғалімдерімен және ғалымдарымен байланыс орнаттым, енді олармен ынтымақтастықта жұмыс істеймін деп үміттенемін.